Головкин ХХІ ғасырдың ұлы боксшылары рейтингіне кірді

Ұлыбританияның танымал Daily Mail басылымы ХХІ ғасырда салмақ дәрежелеріне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің ең үздік боксшыларының жеке рейтингін жариялады.

Рейтингтің бірінші орнында американдық Флойд Мэйвезер орналасқан. Екінші орында филиппиндік Мэнни Пакьяо тұрса, үздік үштікті мексикалық Сауль "Канело" Альварес аяқтап тұр. Қазақстандық орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкин рейтингке үздік ондықта орналасқан. 

Daily Mail нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдағы P4P боксшыларының рейтингі келесідей:

Флойд Мэйвезер (АҚШ)
Мэнни Пакьяо (Филиппин)
Сауль "Канело" Альварес (Мексика)
Бернард Хопкинс (АҚШ)
Хуан Мануэль Маркес (Мексика)
Роман Гонсалес (Никарагуа)
Нонито Донэйр (Филиппин)
Марко Антонио Баррера (Мексика)
Александр Усик (Украина)
Геннадий Головкин (Қазақтан).