Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Украинамен тең түсті

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты қарсаңындағы Қазақстан мен Украина құрамасының іріктеу матчы тең аяқталды.

Украиндық аяқ доп шебері Роман Яремчуктың голына (20-минутта) қазақстандық Серікжан Мужиков (59-минутта) дәл соққымен жауап берді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатынң іріктеу матчындағы алғашқы ұпайына иелік етті.

Ал келесі іріктеу тобында кездесу өткізген Франция құрамасы Босния мен Герцеговина құрамасын 1:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар өз алаңында Франция құрамасын қабылдап, 0:2 есебімен есе жіберген болатын.

Франция (7 ұпай) мен Украина (3 ұпай) командасы үш кездесу өткізді. Ал әрқайсысы екі ойыннан өткізген Финляндия (2 ұпай), Босния және Герцеговина командасы мен Қазақстан құрамасы 1 ұпайдан жинады.