Флойд Мейвезер блогер Логан Полды жеңе алмады

Бес салмақ дәрежесінде бокстан бұрынғы әлем чемпионы кіші Флойд Мейвезер блогер Логан Полды жеңе алмады, - деп хабарлайды vesti.kz.

Жекпе-жек Майамидегі (АҚШ) Hard Rock Stadium стадионында өтті және сегіз раундқа созылды. Мейвезер бүкіл жекпе-жек барысында жақсы өнер көрсетті, бірақ қарсыласын жеңе алмаған.

Айта кетейік, жекпе-жек спортшылардың кәсіби рекордына кірмеген.

Бұл жекпе-жегі үшін Мейвезердің кепіл ақысы он миллион доллар болды. Сонымен қатар, ол сатылымының 50 пайызын алады. Полға келетін болсақ, оның кепілдендірілген ақысы - 250 мың доллар, сонымен қатар ол ақылы эфир сатылымынан он пайызын алады.