Джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында қарағандылықтар 16 медаль жеңіп алды

Қарағанды облысының спортшылары Қостанайда өткен джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында ерекше көзге түсті. Біздің өңірдің қоржынында бес алтын, төрт күміс және жеті қола жүлде бар.

Он медальді қыздар жеңіп алды. Қиын күресте үш алтын, күміс және қола Аян Әмзеге бұйырды. Қарағандылық Шахноза Маттаджиева алтын, күміс және үш қола жеңіп алды.

Тағы бір жоғары марапат Аңсар Қасымжановтың еншісінде. Республикалық біріншіліктің финалистері қатарында Айбар Оразұлы мен Олжас Нұртақанов та болды.

Енді спортшылар Абу-Дабидегі әлем чемпионаттарында, Бахрейндегі Азия чемпионаттарында және Қытайдағы Азия ойындарында Қазақстанның намысын қорғайтын болады.