Саран қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жүгіруден сайысы өтті

Саран қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жеңіл атлетика жарысы өтті. Оған 250 адам қатысты. Олардың ішінде тек жергілікті спортшылар ғана емес, сонымен қатар облыстың басқа қалаларынан, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавл қалаларынан жүгіруді ұнататындар бақ сынасты.

Жүгірушілер үш қашықтықта жарысты: 3, 7 және 14 шақырым. Барлық қатысушылар нәтижесіне қарамастан сертификаттар алды. Үздіктер естелік сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шараның демеушісі «QazTehna» ЖШС болды.

Саран қаласында жүгіруден жарыс ұйымдастыру дәстүрге айналған. Мұнда көктемгі және күзгі жеңіл атлетикалық эстафеталар, «Жеңіс» жартылай марафоны өткізіледі.