"Parimatch - Қазақстан Кубогын" Қарағандылық "Сарыарқа" хоккей командасы иеленді. Бұл хоккейшілердің биылғы жылдағы алғашқы олжасы.
Финалдық матч жергілікті "Сарыарқа" мен өскемендік "Торпедо" командалары арасындағы өтті. Тартысты ойын барысында есепті қонақтардың қорғаушысы Дмитрий Стулов ашты. Көп ұзамай Қарағанды командасының шабуылшысы Вадим Зеленков таблодағы есепті теңестірді. Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Овертаймның үшінші минутында "Сарыарқа" командасының шабуылшысы Сергей Голоднюктің дәл соққысы жеңіс сыйлады.
Нәтижесінде "Сарыарқа" "Торпедоны" 1:2 есебімен жеңіп, чемпиондық тұғырдан көрінді.