Бүгін - бокстан WBA/IBF/WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкиннің туған күні. Танымал қазақстандық спортшы осыдан 39 жыл бұрын Қарағанды қаласында дүниеге келген. Бокстан бұрын теннис және футболмен айналысқан. Ал бокс залына алғаш 9 жасында барады.
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2003). Олимпиада ойындарының 75 кг дейінгі салмақтағы күміс жүлдегері (Афина, Грекия, 2004); Кәсіпқой бокста WBO нұсқасы бойынша «Интерконтиненталь» чемпиондық титулының иегері (2010). Геннадий Головкин - орта салмақта (73 кг) WBA, IBO және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы.
The Ring журналының нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшы (2017 жылдың 27 қыркүйегі - 2018 жылдың 15 қыркүйегі). WBA, WBC және танымал Boxingnews24.com басылымының нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздік боксшысы.
Кәсіпқой бокс карьерасында 43 жекпе-жек өткізіп, 41-ін жеңіп, 36-сын мерзімінен бұрын аяқтаған. Соңғы жылдары ол Ванес Мартиросян, Стив Роллс, ал кейінгі жекпе-жекте Камил Шереметаны жеңген.
Еске салайық, Головкин кейінгі жекпе-жегін 2020 жылдың желтоқсанында Камил Шереметаға қарсы өткізіп, нокаутқа түсірген.Нәтижесінже Голвкин әлем чемпионы атағын 21-рет қорғап, рекордтық көрсеткішке жетті.