Әлихан ауданында -  жаңа әкім

Ашық дереккөз

Әлихан ауданының әкімі лауазымына Саят Қанатұлы Шаймин тағайындалды. Бұған дейн Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Саят Қанатұлы 1991 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдап, экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесі берілді, ал 2014 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша аяқтап шықты, техника және технологиялар бакалавры академиялық дәрежесі берілді.

Еңбек жолы

2011 жылдан 2015 жылға дейін "Қарағанды жолдары" ЖШС еңбек етті. Қатардағы маманнан бөлім бастығына дейінгі мансап жолын өтті.
2015 жылы "ҚазАвтоЖол" АҚ бас маманы, кейін күрделі жөндеу басқармасында бас менеджер болып жұмыс істеді.
2019 жылдан бастап Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2021 жылғы 4 мамырдан Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметінде.