Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметіне тағайындалды

Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі болып тағайындалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қазақстанның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Ержан Қазыханов Президенттің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына тағайындалған болатын.

Бұған дейін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі туралы" Жарлыққа қол қойған еді.