Ыстанбұл келіссөзінің нәтижелері

Ашық дереккөз

Ыстанбұл келіссөзінің нәтижелері:
•    Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Киев пен Чернигов қаласының айналасындағы ұрыс қимылдарын күрт қысқартатынын айтты.
•    Ол Украина делегациясымен бетпе-бет келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлда ресми тұлғалардың қатарында болды.
•    Келіссөзге мұрындық болған Түркия президенті Ердоған бүгінгі нәтиженің айтарлықтай ілгерілеушілік болғанын айтты.
•    Бірақ АҚШ Мемлекеттік хатшысы Антони Блинкен "Ресейдің айтқаны мен істеп жатқанының арасында айырмашылық бар" дейді.
•    Чернигов мэрі ресейліктер сөзінде тұра ма, тұрмай ма, уақыт көрсететінін айтады.
•    Ал ресейлік келіссөзші деэскалация "атысты тоқтату емес" деп ескертеді.
•    АҚШ шенеунігінің айтуынша, кейбір ресейлік әскер Киевтің маңынан кетіп жатыр, бірақ мұның "не мағына білдіретінін уақыт көрсетеді".
•    Украина командасы "бейтарап" статусты қабылдайтындарын айтты, бұл НАТО сияқты альянстарға қосылмау дегенді білдіреді.
•    АҚШ та, Ұлыбритания да Ресейді сөзімен емес, іс-әрекетімен бағалайтынын айтты.