Nur Otan партиясы Қарағанды облысын дамытудың 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірледі

2025 жылға дейін Қарағанды облысында 150 мың жұмыс орнын құру, 30 мыңға жуық отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Nur Otan партиясы Қарағанды облысын дамытудың 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірледі. Оның негізгі бағыттары туралы Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы Жеңіс Қасымбектің қатысуымен өткен Саяси кеңес отырысында айтылды.

Партия мүшелері Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесіп, нақты қажеттіліктер мен мәселелер жайлы білді. Қала тұрғындары мен ауыл тұрғындарының 1 500 аса өзекті ұсынысы негізінде 2025 жылға дейінгі жол картасы әзірленді. Онда 6 400-ден астам іс-шара және 1 715 нысаналы индикатор бар.

-Өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, жеті басымдық қалыптастырылды. Олардың арасында әлеуметтік-экономикалық даму, жастарды қолдау, қылмыс деңгейін төмендету. Біздің алдымызда сайлауалды уәделердің орындалу сапасын бақылау міндеті тұр, - деп атап өтті партия төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова.

Өңір басшысы барлық жауапты тұлғаларға белгіленген жоспарлардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.

- Партияның аумақтық филиалдарының төрағалары, қалалар мен аудандардың әкімдері жеті басымдық бойынша Nur Otan партиясының Қарағанды облысындағы сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасын орындау жөнінде шаралар қабылдауы қажет.  Облыстық басқармалар мен қалалар мен аудандар бөлімдерінің басшылары индикаторлардың сапалы әрі уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін, - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.