Нұра ауданының елді мекендеріндегі су тасқыны жағдайы тексерілді

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов пен ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов Нұра ауданының су тасқыны қаупі бар учаскелерін аралады. Бағыт Нығман, Ақтүбек, Баршын, Соналы және Құланөтпес ауылдары арқылы өтті.

Облыс әкімінің орынбасары мен ТЖД басшысы Нығман ауылының тұрғындарымен кездесті. Нығман ауылы мен Құланөтпес ауылдық округінің орталығы арасындағы автожолдардың деңгейін нығайту және көтеру, сондай-ақ Жақсы-Қон өзенінің арнасы бойынша Баршын-Қанапия аудандық маңызы бар автожолының учаскесіне қатысты мәселелер талқыланды.

Жалпы Нұра ауданында қабылданған шаралардың арқасында тұрғын үйлерді су басуға жол берілген жоқ.

Облыстағы су тасқыны жағдайы тұрақтанды. Барлық өзендерде судың төмендеуі байқалады. Су қоймалары өз арналарына кірді. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Жағдайды бақылауды облыстық су тасқынына қарсы штаб жүзеге асырады.