Нұр-Сұлтанда Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай кеш ұйымдастырылды

Нұр-сұлтан қаласының Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай кеш ұйымдастырылды, - деп хабарлайды saryarqanews.kz сайтының тілшісі.
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен Сары-Арқаның кемел ұлы, қазақ ақын-публицисі Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына арналған көрмесінің ашылуын академик Евней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ұйымдастырды.  
Көрменің мақсаты – жастар арасында қазақтың жаңашыл ақыны, публицист, композитор – Қасым Амонжоловтың мұрасын дәріптеу және насихаттау.

​Аталмыш іс-шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Сыдықов Ерлан Батташұлына және академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков, ақын Серік Ақсұңқарұлы мен Ғалым Жайлыбай қатысты.

Көрмеге қатысушыларға Қасым Аманжоловтың отбасылық мұрағатынан алынған фотосуреттер, ақынның өмірбаяндық артефактілері, деректі материалдары, кітаптары, көрме экспонаттары таныстырылды.

Қасым Аманжоловтың мерейтойы аясында әзірленген іс-шаралардың кешенді жоспары өз жалғасын Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» концерт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен  дауылпаз  ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Жырға айналған ғұмыр» атты әдеби кешімен жалғасты. Аталмыш мерейлі кешке Нұр-Сұлтан қаласының филармониясы, Қарағанды облысының Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігі, Қазақстан эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Клара Төленбаева, Гаухар Жүсіпова, Саят Әбдіғали және «Жарқын» би ансамблі өнер көрсетті.
 
Бұл шара Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасы және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды универсиетінің бірлескен жобасы аясында өтті.