Нұр-Сұлтан – Жидебай бағытында атты экспедиция жолға шықты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Нұр - Сұлтан-Жидебай бағыты бойынша "Абайға жол" атты экспедиция басталды.

Бұл экспедицияның мақсаты қазақ халқының көшпелі мәдениеті мен дәстүрлерін жаңғырту.

19 маусым күні экспедиция мүшелері Бұқар жырау кесенесіне келді. Экспедиция мүшелерін мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдар Оспанов, ауылдық округ әкімі Ерлан Узденов қарсы алды.

Бұқар жырау кесенесінде құрбандық шалу рәсімі өтті. Сондай-ақ, шабандоздар Бұқар жырау мұражайы мен кітапханаға барды.

Содан кейін қонақтарға дастархан жайылып, қызықты сұхбат жүргізіліп, Бұқар жыраудың шығармалары оқылды.

Экспедиция Бұқар жырау кесенесінен кейін Қоянды жәрмеңкесіне қарай бет алды.

Экспедиция жетекшісі - ұлттық ат туризмі федерациясының президенті Берік Ақылбековкспедиция құрамында "Жасыл Аймақ" республикалық кәсіпорнының қызметкері Таңжарық Керімқұлов, "Көкше-Контент" ақпараттық агенттігінің басшысы, жас ақын Мерген Тоқсанбай, Ақмола облысы Целиноград ауданы мәслихатының қызметкері Дидар Оралбайұлы, ARGYMAQ.KZ сайтының бас редакторы Ержан Жаубай, сонымен қатар фотограф және бейнеоператор бар.