Қазақстандық каскадер Канадада марапатқа ие болды

Nomad Stunts халықаралық тобының каскадері Әлия Ысқақова Канадада киномарапатқа ие болды. Бұл туралы каскадерлер тобының Instagram парақшасында хабарланды.

Канаданың кино және телевизия академиясының UBCP/ACTRA AWARDS 2021 марапатын табыстау рәсімінде Әлия Ысқақова "Кунг-фу" сериалындағы каскадерлік жұмысы үшін үздік деп танылды. Ол жекпе-жек сәтін түсіруге қатысқан.

Әлия Ысқақова сериалдағы басты залым кейіпкер Yvonne Chapman қимылын орындады. Марапаттау онлайн өтті.

                                             а

Әлия Ысқақова – спорттық құзға өрмелеуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионатының қола жүлдегері, құзға өрмелеуден Әлем кубогының II орын иегері, таэквондодан спорт шеберіне кандидат, спорт туризмі бойынша спорт шеберіне кандидат.

"Кунг-фу" сериалында Ники есімді америкалық оқуын тастап, монастырға барады. Сол жақта жекпе-жектің қыр-сырын меңгереді. АҚШ-қа оралған соң туған қаласының қылмыс пен сыбайлас жемқорлықтан зардап шегіп жатқанын көреді, содан кейін басты кейіпкер қылмыспен күресуге кіріседі.

"Кунг-фу" 1970 жылдардағы сериалдың жаңа нұсқасы. Сериалдың бірінші маусымының түсірілімі 2020 жылдың қыркүйегінде басталды, содан кейін пандемияға байланысты тоқтады. Түсірілім 2021 жылдың көктемінде аяқталды.

Nomad Stunts – кәсіби каскадерлердің халықаралық тобы. Оны 2000 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Жайдарбек Күнғожинов құрған.