Теміртауда Ярослав Кучиннің фотокөрмесі ашылады

Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында 19 қаңтар күні сағат 16.00-де өмірі шығармашылық мансабының шыңында үзілген фотограф Ярослав Кучинді еске алуға арналған көрме ашылады.

Экспозиция соңғы үш жылда жасалған 45 авторлық туындыдан тұрады. Оған портреттер, пейзаждар, натюрморттар және қойылымдық суреттер топтамасы кірді.

Фотокөрменің ашылуы мұражайдың әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде өтеді. Алғашқы қонақтар "Сплав" халықтық фотоклубының және "Т-Арт"суретшілер клубының мүшелері болады.