Қарқаралы ауданында Қарқабат анаға ескерткіш қойылды

Қарқаралы ауданында есімі ұранға айналған Қарқабат ананың ескерткіші ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Жеңіс Қасымбек пен зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.

Қарқаралы  ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ескерткіш жобасын жасау барысында уақытша  комиссия құрылған. Ашық конкурс нәтижесінде комиссия қарауына 4 жоба ұсынылған. Уақытша комиссия мүшелері 2 жобаны мақұлдап, республикалық комиссияға жолдайды. Нәтижесінде белгілі қарағандылық мүсінші Бейбіт Мұстафиннің жобасы мақұлданып, бекітілген.

Қарқабат ана мүсіні таза мыстан құйылған. Биіктігі — 5 метр. Тұғырдың биіктігі — 2.5 метр.

Ескерткіш Қарағанды облысы Суретшілер Одағының шеберханасында құйылды.

Айта кету керек, ескерткіші орнатуға кеткен шығындарды Қарқабат ана ұрпақтары, қарағандылық кәсіпкерлер көтерген.