XXXVIII музыкалық маусымының ашылуы

Е. Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрдің XXXVIII музыкалық маусымының ашылуы 22 қазан күні сағат 19.00-де Қарағанды концерттік бірлестігінің YouTube-арнасында өтеді.

Оркестр музыканттары классикалық музыка тыңдармандары үшін Людвиг Ван Бетховеннің №2 симфониясын дайындады. Биыл неміс композиторының туғанына 250 жыл. Айта кету керек, Бетховеннің тоғыз симфониясы – әлемде ең көп орындалатын симфониялық шығармалардың қатарында.

Сондай-ақ оркестр Вольфганг Амадей Моцарттың №36 «Линцская» симфониясы орындайды. Ұжымға халықаралық байқаулардың лауреаты Пак Юн Хван дирижерлік етеді. Жаңа маусымның ашылуында Петр Чайковскийдің туғанына 180 жыл толуына байланысты композитордың «Моцартиана» оркестрлік сюитасы орындалады.