Белгілі жазушы Марал Хасеннің таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді

Танымал журналист , жазушы, аудармашы Марал Хасеннің 7 томдық таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді. Кітапқа қаламгердің әр жылдары жазған мақалалары , әңгімелері, белгілі тұлғалардан алған сұхбаттары топтастырылған.

Марал Хасен 1945 жылы 4 қаңтарда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының №5 ауылында дүниеге келген. Мәскеудің Жоғары партия мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1963 жылы аудандық «Жаңаарқа» және «Новая степь» газеттерінен бастаған. «Жезқазған туы» газетінде жауапты хатшының орынбасары, «Ағадыр таңы», «Агадырская новь» басылымдарының редакторы қызметін атқарған.

Кейін бірнеше жыл Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде бас редактордың орынбасары болып еңбек етті.

Академик Евней Букетовтың «Святое дело Чокана» эссесі мен грузиялық жазушы Реваз Махатадзенің «Под небом Казахста­на» романын қазақ тіліне аударған.

Сондай-ақ, әр жылдары француз жазушысы Альбер Камюдің «Молчание», жапондық Кэндзабуро Оэның «По­слевоенное поколение», британиялық Сомерсет Моэмның «Луизу», америкалық Теодор Драйзердің «Во тьме», италиялық жазушы Джакомо Казанованың «Мему­ары» атты шығармаларын тәржімалаған.

«Жүрек қанын сия қылған», «Аудармалар», «Мазасыз күндер» кітаптарының авторы.