Жезқазған жастары атақты қазақстандық әнші және композитор Ескендір Хасанғалиевті еске алу челленджіне бастамашы болды. Онлайн-акция Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні өтеді.
Челленджге кез келген адам қатыса алады. Ол үшін 7 мамыр күні сағат 11:00-де "Атамекен" әнін бейнежазбаға жазып, әлеуметтік желіге #АтамекенЖүрегімізде#, #ОтанымызҚазақстан##Ескендірағаәндері# хештегтерімен жүктеу керек.
Ұйымдастырушылар « «Атамекен» әнін бірге шырқаймыз» онлайн-акциясына белсенді қатысуға шақырады. 1970 жылы жазылған бұл шығарма ел жүрегінде ойып тұрып орын алған патриоттық әндердің бірі болып табылады.