Алдағы үш күнде еліміздің барлық аймағында күн жылынады

ғаламтордан

Қазгидромет 31 наурыз – 2 сәуір аралығына ауа райы болжамын ұсынды

Елдің солтүстік өңірлеріне қыс алып келген циклонның орнын батыс антициклоны басады. Соған байланысты қиыр батыс және солтүстік өңірлерді қоспағанда, республика аумағында жауын-шашын тоқтайды.

Сондай-ақ антициклонға байланысты еліміздің барлық аумағында ауа температурасы көтеріліп, қазақстандықтар нағыз көктемді сезінеді.

Республиканың батысында термометр бағаны +10+20 градусқа, солтүстік, шығыс өңірлерде +5+13 градусқа, оңтүстікте +15+23 градусқа жетеді.