Жапонияда қазақтар қоғамдастығы құрылды

Жапониядағы қазақтар өз қоғамдастығын құрды. Құрылтай жиналысы Қазақстан елшілігінде өтті, - деп хабарлайды saryarqanews.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан елшілігінің мәліметінше, бүгінде Жапонияда тұрақты негізде 191 қазақстандық және Қытай, Моңғолия және Өзбекстаннан келген 70-ке жуық этникалық қазақ тұрады.

Қазақтар қауымдастығының басшысы болып Juntendo университетінің клиникасында хирург болып жұмыс істейтін Әбдібек Қалыбек тағайындалды. Ол бірлестіктің өзара іс-қимылын жолға қою, мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асыру және Қазақстан-жапон ынтымақтастығын ақпараттық қолдау қызметі туралы таныстырды.

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі 2018 жылдан бастап Жапонияда қазақстандық студенттердің қоғамдастығы барын хабарлады, оның мақсаты - тұрмысқа, оқу процесіне және әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуге көмектесу.