Ресейде кеніштегі жарылыстан 11 адам қаза тапты

Кемер облысы белово қаласында орналасқан "Листвяжна" кенішінде жарылыс болды. Апат кезінде кеніште 285 адам болған. Соңғы деректерге сәйкес 11 адам мерт болып, 40 кенші жарақат алған. Құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

Жарылыс желдету бөлігінен басталған. Мамандар көмір шаңының жануы да мүмкін екенін жоққа шығармайды. Қазір 237 адам апат орнынан шығарылған. "Шахтада 49 адам бар, 15:05-те 9 жұмысшының қаза тапқаны анықталды. Жұмысшылар басқа бөлімдерде болуы мүмкін, олармен әзірге байланыс жоқ", - делінген Кемер облысы әкімшілігінің хабарламасында.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, кеніштегі жарылыс жайлы ақпарат Ресей техникалық бақылау басқармасына келіп түскен. 

"09:08 шамасында түтін басқаны жайлы хабарланды. 15 минуттан соң жарылыстың №823 желдету штрекінде болғанын және адамдардың өз беттерінше жер бетіне шыққанын нақтылады", - деп жазды агенттік. 

"Лиятвяжная" кеніші "СДС-Уголь" кәсіпорнының құрамына енеді. Мұнда Егозов-Красноярск көмір кенорнының қоры игеріледі. Кеніш 2012 жылы іске қосылған.