Ғалымдар «жасанды тері» жасап шықты

Ресей Ғылым академиясындағы Теориялық және эксперименттік биофизика институтының ғалымдары денедегі жарақаттарды таңу үшін ерекше мата жасап шығарды.

Аталмыш мата "жасанды тері" деп аталады. Ол жарақатқа инфекцияның түспеуін қамтамасыз ететін ең жұқа пленка болып саналынады. Оны жараға қолданған кезде тін жасушалары науқастың жасушаларымен әрекеттесе бастайды. Сонымен қатар, мата емделуге әрі тыртықтағы коллагендердің түзілуіне өз ықпалын тигізеді.

Өнертабыстың қосымша функциясы жараны сыртқы факторлардан қорғауға негізделген. Осыған байланысты "жасанды терінің"  үлкен пайдасы бар. Ол жеңіл әрі жіңішке болғандықтан таңу қажеттілігін жояды.