Аукционда әлемдегі ең үлкен динозавр қаңқасы 7,7 миллион долларға сатылды

Белгісіз америкалық коллекционер аукционда 7,7 миллион долларға (3,2 миллиард теңгеге) "Үлкен Джон" деп аталатын тритсератопс динозаврының қаңқасын сатып алды. Бәссауда Париждегі Drouot аукцион үйінде өтті. Бұл туралы BBC хабарлады.

Динозавр қаңқасы бастапқы бағадан 4 есе қымбат сатылды. Алайда, бұл динозавр қаңқасы үшін төленетін рекордтық сома емес: бір ай бұрын Нью-Йоркте тираннозавр қаңқасы 31,8 миллион долларға сатылған болатын.

Қаңқасы сатылған тритсератопс қазіргі АҚШ-тағы Оңтүстік Дакота штатында табылған. Ол  66 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Гиннестің рекордтар кітабына осы уақытқа дейін табылған ең үлкен үлгі ретінде енгізілген.
Палеонтологтар алдымен динозавр сүйектерінің бір бөлігін анықтады. Содан кейін бір жыл ішінде қаңқаның 60 пайызы, оның ішінде 2,6 футтық бас сүйегі табылды. "Үлкен Джон" қаңқасының ұзындығы 8 метр. Бұл ғылымға белгілі ірі тритсератопс. Оның мүйізінің ұзындығы 1,1 метр, ені 30 см.

Қаңқа 200-ден астам сүйектен тұрады, жалпы салмағы 700 кг -нан асады. Тритсератопс қаңқасын қалпына келтірген мамандар динозаврдың өмір сүруі оңай болмағанын айтады. Атап айтқанда, мойын жарақаты осыны көрсетеді. Ол бұл жарақатты басқа триксератоптардан қорғану кезінде алған болуы мүмкін.