Американдық блогер өзін тірідей көмді(ВИДЕО)

Американың "mrbeast" лақап атымен танымал Youtube блогерлерінің бірі Джимми Дональдсон өзін тірідей көмді. Әлеуметтік желі үшін жасалған тәжірбие барысында блогер табыттың ішінде 50 сағат жатқан.

YouTube-те 57,2 миллион жазылушысы бар Джимми желі қолданушылары үшін осындай әрекетке барған.

12 минуттық видеода MrBeast табыт ішіндегі сезімдерін егжей-тегжейлі баяндап отырады. Оның айтуынша, өлілер әлеміне бір табан жақын болу оның психикалық жағдайына қатты әсер еткен. 30 сағат уақыты қалғанда, блогер бұдан былай қозғала алмайтындығына шағымданды.

"Менің арқам ауырады және осыған байланысты клаустрофобия басталған сияқты", - деді блогер.

Блогерді табыттан шығарған кезде, оның түрінен қорқыныш сезімі байқалған.

"Жер астында ауа аз болды, және бірнеше мәрте тұншығып тұрғандай әсерде болдым.Кей сәтте бір түрлі дыбыстар естідім. Ол дыбыстарды қысымға шыдай алмаған табыттан шықты деп ойладым", - деп бөлісті MrBeast.

MrBeast 2020 жылы YouTube-тағы табысы бойынша  екінші орындағы блогер саналды. Forbes-тың ақпаратына сәйкес, оның 2020 жылғы табысы шамамен 29,5 миллион долларды (12 миллиард теңгеден астам) құрады.