Оңтүстік Кореяның барлау қызметінің мәліметінше Солтүстік Корея американдық Pfizer фармацевтикалық компаниясынан вакцина өндіру технологиясын ұрламақ болған. Әзірге қандай да бір деректердің ұрланғаны туралы ресми хабарланған жоқ. Ренхап ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның ұлттық барлау агенттігі агенттігі заң шығарушыларға Солтүстік Кореяның хакерлік әрекеті туралы жеке хабарланғанын мәлімдеді.
Ғалымдар Ұлыбританияда коронавирустың жаңа вариациясын анықтаған, ол бірқатар алаңдаушылық тудыратын мутацияларға ие болған, атап айтқанда адам ағзасының жасушаларына енетін шыбықтары өзгерген. B.1.525 нұсқасы оңтүстік африкалық түріне ұқсас екендігі анықталған. Public Health England -Англияның бас эпидемиологиялық органы - мемлекетте осы мутацияның 38 жағдайын тіркеген. Жаңа нұсқа басқа елдерде, оның ішінде Данияда, Нигерияда және АҚШ-та табылған.
Гаага апелляциялық соты Нидерландыда коменданттық сағаттың қолданылуын мақұлдады, оны жою туралы шешімді сейсенбі күні қалалық сот қабылдаған болатын. Апелляциялық сот шешімі жарияланғаннан кейін бірден елдің Премьер-министрі Марк Рютте халықты коменданттық сағатты ұстануға шақырды. "Бұл мақсат емес, тек құрал", - деді ол. - "Біздің мақсатымыз - барлық бостандықтарымызды қайтарып алу үшін коронавирустың таралуын тоқтату".
Коронавирус эпидемиясына байланысты Венеция әйгілі карнавалын өткізбейтін болды, салдарынан мемлекет 70 миллион еуроға жуық кіріссіз қалған. Бірақ, қатаң шараларға қарамастан, 2021 жылы Венециялық карнавалға әлі де баруға болады - тек интернет желісінде ғана, жергілікті тұрғындар мерекелік киімдерін киіп арнайы бейнеклиптер түсіруде, осылайша итальяндық дәстүрді ұмытуға шақыруда.
Еуропалық ауруларды алдын алу және бақылау орталығы коронавирустың жұқпалы штамдарының таралуына байланысты Еуроодақ билігін денсаулық сақтау саласында жедел және қатаң шаралар қабылдауға шақырады. Британдық B117 штаммы көптеген елдерде барған сайын басым болып келеді. Эпидемиологтар вакцинация науқаны пандемиямен күресуге үлкен үлес қосатындығын, бірақ қазір халық арасында иммундық қабаты құрылғанға дейін алдын-алу және шектеу шараларын ұмытпау керек екендігін ескертуде.