Өткен тәулікте Қарағанды облысында тағы 820 адам коронавирус жұқтырды

Денсаулық сақтау министрлігі 14 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды жариялады, деп хабарлайды saryarqanews.kz.

Өткен тәулікте еліміз бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 418  жағдай тіркелді. Соның ішінде 820 адам Қарағанды облысына тиесілі.

Індет басталғалы бері елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 024 004-ке  жетті. 

Ал өткен тәулікте Қарағанды облысында 157 адам айыққан. Жалпы Қазақстанда 1279 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Осы уақытқа дейін елімізде барлығы 967 867 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.