COVID-19: әлемдегі ахуал

Ирландияда коронавирустың бразилиялық нұсқасын үш адамда тіркелді. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі жұқтырғандардың үшеуі де жақын арада Бразилиядан оралғандықтарын хабарлады. Эпидемия басталғаннан бері 5 миллионға жуық тұрғыны бар мемлекетте 213,4 мың індетті жұқтырса, 4 109 адам қайтыс болған.

Дүниежүзілік банк наурыз айының соңына дейін ең кедей 12 елге, атап айтқанда Бангладеш, Тунис және Эфиопияға вакцина сатып алуға 1,6 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Банк президенті Дэвид Малпасс келесі қадамда тағы 30 кедей елге қолдау көрсететіндіктерін мәлімдеді.

Коронавирус жұқтырудың бірде-бір жағдайын растамаған Түрікменстанда «Спутник V» препаратымен халықты вакцинациялау науқаны басталды. 18 жасқа толған азаматтар аудандық емханаларға егілуге жазыла алады. Ашхабад тұрғындарының үйлерінің кіреберістерінде COVID-19 қарсы вакцинация басталғаны туралы хабарландырулар іліне басталған. Елде «жұқтыру жағдайларының болмауына» қарамастан, бетперде режимі енгізілген, шетелдік әуе қатынасы, жолаушылар пойыздары мен қалааралық автобустардың қозғалысы тоқтатылған, мешіттер, сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары, мәдениет және тұрмыстық қызмет көрсету салалары жабылған.

АҚШ президенті Джо Байден американдықтарды коронавирусқа қарсы екпе алуға шақырды. «Вакциналар қауіпсіз», - деді ол. – «Мүмкіндік туа салысымен екпе жасатыңыз. Бұл пандемияны тек осылай ғана жеңеміз". "Мен бұл дағдарыстың аяқталатын күнін айта алмаймын, бірақ бұл күнді жақындату үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз"- деді Байден.