Бас санитар дәрігер мен вице-министр "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салдырды

Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Нұр-Сұлтанны № 6 қалалық ауруханасында "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салдырды.

Екі доза арасында дәрігерлер ұсынған 21 күн өтті. Дәрігер вакцина салардан бұрын пациенттердің жағдайын сұрады. 

Еске салайық, бас санитар дәрігер мен вице-министр 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын салдырған болатын. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкімімен 1 ақпанда Қазақстанда "Спутником V" вакцинасын салу жұмыстары басталды.

2021 жылдың 1 ақпанында Қазақстанда халыққа ерікті түрде коронавирусқа қарсы екпе егу науқаны басталды. "Спутник V" вакцинасының бірінші партиясы елге 22 мың доза көлемінде жеткізіліп, бүкіл өңірлерге жеткізілген еді.

Денсаулық сақтау министрлігі жыл соңына дейін алты миллионға жуық адамға вакцина салуды жоспарлап отыр.

2021 жылдың 12 ақпанында ресейлік вакцина Қазақстан аумағында тіркелді.

Қазір вакцина өндірісі Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында жолға қойылған: ақпанда – 90 мың доза, наурызда – 150 мың доза, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозаға жетеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, "Спутник V" вакцинасының тиімділігі шамамен 96% құрайды.