Алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төленеді

Журналистердің күшейтілген режимде жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу туралы сұрақтарына жауап бере отырып, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пандемия басталғалы бері қосымша төлемдер төленіп жатқанын және төленетінін атап өтті.

«Инфекциялық стационарларда алдыңғы шепте жұмыс істейтін, күн сайын инфекциялық стационарларда жеке қорғаныш құралдарын киіп жүретін барлық медицина қызметкерлеріміз, сондай-ақ ерекше режимдегі зертханалардың қызметкерлері, әрине, осы қосымша ақыларды алады. Сонымен қатар, біздің әріптестеріміз, әсіресе осындай агрессивті жағдайда жұмыс істейтіндер, вакцинацияланады, бұл ретте оң нәтиже бар», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.