Денсаулық сақтау министрлігі 21 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды жариялады, деп хабарлайды saryarqanews.kz.
Өткен тәулікте еліміз бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 284 жағдай тіркелді. Соның ішінде 2 497 адам Қарағанды облысына тиесілі.
Індет басталғалы бері елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 117 160-қа жетті.
Ал өткен тәулікте Қарағанды облысында 238 адам айыққан. Жалпы Қазақстанда 2 256 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Осы уақытқа дейін елімізде барлығы 980 844 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
2022 жылғы 21 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта : Түркістан облысы.