Қарағанды облысында жалпы індет жұқтырғандар саны 77324. Соңғы тәулікте 977 адамнан вирус анықталып, 1129 адам емделіп шықты.
Республика бойынша өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7337 дерегі тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 715 716 жетті.
2021 жылғы 19 тамыздағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.
Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 6 229 329 адам, 2 - ші компонентін 4 867 622 адам салдырды.