15 қыркүйектегі эпидемиологиялық ахуал

Қарағанды облысында жалпы індет жұқтырғандар саны 94185. Соңғы тәулікте 340 адамнан вирус анықталып, 354 адам емделіп шықты.

Республика бойынша өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2930 дерегі тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 848318 жетті.

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы  вакцинаның 1 - ші компонентін 7 160 129 адам, 2 - ші компонентін 5 982 331 адам салдырды.