Коронавирустың таралуы бойынша Қарағанды облысы "қызыл" аймаққа өтті

7 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды saryarqanews.kz порталы. 

Матрица дерегі бойынша:

"Қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы және Ақмола облыстары;

"Сары" аймақта – Шымкент қаласы;

"Жасыл" аймақта – өзге өңірлер.