Карантин шаралары сатылап жеңілдетілуде – Жеңіс Қасымбек

Қарағанды облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, шектеу шаралы сатылап алынып жатыр. Карантиндік шараларға қарамастан шағын және орта бизнеске қолдау тоқтаған емес. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн форматта өткен халықпен есептік кездесуінде айтты.

– Қоғамдық орындарда ақырындап карантиндік шаралар жеңілдетілуде. Ресторан және басқа да көлемді орталықтардан осы мәселеге байланысты сұрақтар түсіп жатыр. Біз республикалық тиісті органдардың рұқсатынсыз карантин шараларын толық алуға құқымыз жоқ. Әзірге ондай тапсырма түскен жоқ. Бірақ, шамамыз келгенше кәсіпкерлерге қолдау көрсетеміз, – деді аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек халықпен есептік кездесуінде.