30 сәуірдегі Қарағанды облысы бойынша эпидемиологиялық ахуал

Қарағанды облысында жалпы індет жұқтырғандар саны 23355. Соңғы тәулікте 255 адамнан вирус анықталып, 179 адам емделіп шықты.

Республика бойынша өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2853 дерегі тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 319818 жетті.