Балқаш қаласында «Коронавирусты бірге тоқтатайық» акциясы басталды

Екпе жасатып, сертификатқа ие болыңыз. Балқаш қаласының әкімдігі мен жергілікті кәсіпорындардың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 3 маусымнан 3 шілде дейін  «Коронавирусты бірге тоқтатамыз» атты қалалық акция өтеді.

Шараның мақсаты covid-19-дан сырқаттанушылық пен өлім-жітім бойынша қауіп тобына жататын егде адамдарды коронавирустық инфекциядан вакцинациялауға ынталандыру , материалдық қолдау көрсету және халықтың азаматтық белсенділік деңгейінің арттыру болып табылады.

Акцияны «Сары Казна» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Коунрад» корпоративтік қоры, «ДСП Тастемир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «KAZ GREEN ENERGY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жеке кәсіпкер «Меркулов» және қаланың коммунальнық кәсіпорындары қолдап отыр.

Акцияға қатысушыға вакцина алғаннан кейін 5000 теңгенің сертификаты беріледі. Оған өзінің таңдауына қарай әлеуметтік дүкендер желісінен азық-түліктер ала алады немесе коммуналдық қызметтерді төлеуге болады.

Акцияның бірінші кезеңінде әлеуметтік қорғалмаған категориядағы ең төменгі зейнетақы алатын, үйінде әлеуметтік көмек алатын жалғыз басты зейнеткерлер қамтылады.

 Акцияға қатыса алады:
- ең төмен зейнетақы алушылар;
- әлеуметтік көмек алатын  жалғыз басты зейнеткерлер;
- қант диабетімен диспансерлік есепте тұрған 65 жастан асқан пациенттер;

Азық-түлікті жеке кәсіпкер «Меркулов»  дүкендері  желісінің келесі мекенжайдағы әлеуметтік павильондарындарынан аласыз:

- Ленин көшесі, 27 үй «Азық-түлік» дүкені;

- Ленин көшесі, 43 үй «Центр» дүкені;

- Сейфуллин көшесі, 21 үй «Батыс» дүкені;

- Сәтпаев шағынауданы, 10 үй «Восток» дүкені;

- Жидебай батыр шағынауданы, 9 үй «Север» дүкені;

- Мұхамеджанов шағынауданы, 18 үй «Тамаша» дүкені;

- Ж. Әбуғалиев көшесі, 26 үй «Елена» дүкені;

Коммуналдық қызметті төлеу үшін (төлем жасауға қызметтердің біреуі ғана қолжетімді):

- Жылу, ыстық су үшін "Су Жылу Транс" КМК (Қараменде Би к-сі, 15)  абоненттік бөліміне ;

- Суық су және ағынды суларды бұру үшін  "Балқаш Су" КМК (Қараменде Би к-сі, 15)  абоненттік бөліміне.

Вакцинация Балқаш қаласы, Ленин көшесі, 10  мекенжайы бойынша вакцинация орталығында жүргізіледі. Өзіңізбен  бірге жеке куәлігіңіз  және зейнетақы куәлігі болуы тиіс.

Акцияға қатысу тегін  және ерікті негізде жүзеге асырылады.

Акция қатысушысы тауарды немесе қызметті алу кезінде сертификаттың ақшалай баламасын және қалдық құнын талап етуге құқығы жоқ.

Егу бригадасының үйге шығуына өтінім беру үшін телефон: 7-31-83. Акцияны ұйымдастыру мәселелері бойынша жедел желі телефоны: 7-99-44, ұялы тел. 87079702629.