Қарағанды облысында ПТР тестті қайда тапсыруға болады?

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы облыс тұрғындары үшін коронавирус инфекциясына ПТР әдісімен тестілеуден өте алатын жеке медицина ұйымдарының тізімін ұсынады.

Облыс тұрғындары ақысыз ПТР сынағын тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген медициналық мекемеде, дәрігер нұсқаулығымен тапсыра алады. Бұл жағдайда науқас мамандарға фильтр арқылы жүгінуі керек.

Егер дәрігер нұсқаулығы болмаса және облыс тұрғыны өз еркімен тест тапсырғысы келсе, ол жеке зертханаларға жүгіне алады.

«Олимп» зертханасында коронавирусқа арналған ПТР тестінің бағасы 8000 теңгеден;

«Invivo» зертханасында - 9000 теңгеден;

Ұлттық сараптама орталығында - 8 025 теңгеден басталады.

ПТР тестін тапсыру үшін зертханаларға ресми сайттары арқылы жазыла аласыз.