Өткен тәулікте Қарағанды көшелерінде 74 адам құлап жарақат алған

Өткен тәулікте, яғни 24 қараша күні Қарағандының жедел жәрдем бөліміне қала көшелерінде құлап, жарақат алған 74 адам жүгінген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, олардың төртеуі ауруханада қалып, 70-і амбулаторлық емдеуге жіберілген.

Министрліктің мәліметінше, соңғы үш күнде Қарағанды облысының аумағында жарақаттар мен басқа да жазатайым оқиғалардың саны тәулігіне 354 адамға дейін өсті, оның ішінде күніне 130-ға жуық адам көше жарақатын алады. Көшедегі жазатайым оқиғалар 22 қарашада жиілеген, құлап жарақат алған 12 тұрғын ауруханаға жатқызылған.