"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы аясында жалпыхалықтық дауыс беру басталды

Бүгін 100janaesim.ruh.kz сайтында "100 жаңа есім" жобасының IV маусымына қатысушыларға жалпыхалықтық дауыс беру басталды. Қатысушылардың өтінімдерін қабылдау 22 ақпан мен 22 наурыз аралығында жүзеге асырылды. Осы уақыт ішінде Қазақстанның барлық өңірлерінен жеті қызмет саласы бойынша 2 790 өтінім келіп түсті.

Сауалнамалардың ең көп саны келесі бөлімдер бойынша берілген: мәдениет және спорт; білім және қоғам. Сондай-ақ, биыл жаңа бағыт - экология пайда болды.

Қазақстандықтар 2021 жылғы 25 наурыздан бастап 1 сәуірге дейін өз кандидаттарына дауыс бере алады. Дауыс беруші 100janaesim.ruh.kz сайтындағы қатысушының парақшасына өтеді де, аватардың астында "дауыс беру" түймесін басуы керек. Дауыс беруді таңдау терезесі ашылады, мұны екі жолмен жасауға болады - әлеуметтік желілер немесе e-mail арқылы. E-mail таңдағанда, электрондық поштаңызға код келеді, оны дауыс беру парақшасында енгізу керек. Әлеуметтік желілер арқылы дауыс беру кезінде авторизациядан өтіп, содан кейін өз дауысыңызды беру керек.

Бір IP-мекен-жайдан әр санат бойынша бір адамға ғана дауыс беруге болады. Қатысушының дауыстары жоғарғы оң жақтағы сауалнамада көрсетіледі. Құқық бұзушылықтар не өзге де бұрмалаушылықтар, оның ішінде онлайн-дауыс беру кезінде дауыстарды бұрау анықталған жағдайда, ұйымдастырушылар қатысушыны жобадан шығару құқығын өзіне қалдырады.

Дауыс беру кезінде ең көп балл жинаған және көрнекті қоғам қайраткерлерінен, мәдениет, спорт өкілдерінен және кәсіпкерлерден тұратын беделді қазылар алқасы іріктеген қатысушылар жеңімпаз болады. Биылғы жылы қазылар алқасының мүшелері арасында өткен жылдардағы жобаның жеңімпаздары да бар.

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа қол жеткізген әр түрлі өңірлерде тұратын, әр түрлі жастағы және ұлт өкілдері болып табылатын нақты адамдардың тарихы. 2017 жылы жобаның бастамашысы Елбасы Н.Назарбаев болды.