Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалатыны белгілі болды.

Мамырда үш мереке бар: Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қазақстандықтар 1-3 мамыр аралығында демалады.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. 8 мамыр – сенбі. 9 мамыр – Жеңіс күні жексенбіге дөп келіп тұр. Сондықтан мерекелік демалыс күні дүйсенбі, 10 мамырға ауысады.

Осылайша мамырда 13 күн демалыс болады.

Қазақстандықтар мамырда наурызбен салыстырғанда бір күн артық демалады.