Қазақстанда "Азаматтық бақылау - түбіртекті талап ет" акциясы өтіп жатыр. Касса түбіртек бермегені немесе төлем карта бойынша төлем қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлағандарға сыйақы төленеді, - деп хабарлайды saryarqanews.kz Қазақстан Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Акция 20 қазанда басталды. Оған кез келген адам қатыса алады. Барлық өтінішті мемлекеттік кірістер органы қарайды.
AppStore және PlayMarket-те ақысыз WIPON CASHBACK мобильді қосымшасын жүктеп алу арқылы түбіртек бермеу немесе төлем картасы бойынша төлем қабылдаудан бас тарту деректері туралы хабарлауға болады. Дерек расталған жағдайда телефон балансына сыйақы жіберіледі (жеке табыс салығынсыз 1000 теңге).
Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанның барлық азаматын "Азаматтық бақылау - түбіртек талап ет" акциясына белсенді қатысуға шақырады.