Қазақстанда 7 маусымда Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні аталып өтеді.
Қазақстан үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізіміне толықтыру енгізілді.
Сонымен, тізім 11-1 тармақпен толықтырылды:
"Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні – 7 маусым".
Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.