Қазақстанда оқушыларға хиджаб киюге болмайды – Ержан Нөкежанов

«Бізде орта зайырлы мектептер бар. Мектепке барғандардың бәрі де министрдің бұйрығын, Қазақстанның заңын сақтауы керек», – деді Ержан Нөкежанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бұл ретте комитет басшысы адамдардың көзқарасы әртүрлі болғанымен елдің заңын бәрі сақтауы керектігін тағы да ескертті.

«Жекеменшік немесе басқа мектеп болсын, Білім және ғылым министрі мектептердің бәріне де ортақ стандарт барын түсіндірді. Мемлекеттік пе, жекеменшік пе бәрібір – стандарттарды ұстануы керек. Егер сіздерде (БАҚ өкілдеріне қарата – авт.) нақты кейс немесе осы стандарттардың бұзылғаны туралы дәлел болса, өңірлердегі білім басқармаларына, бізге немесе Білім және ғылым министрлігіне жүгіне аласыз. Нақты кейс болса, біз оны жеке қарап, заңның сақталуын қадағалауға дайынбыз», – деді Ержан Нөкежанов.