«Қазақ ұлтының үлесі 70 пайызға жетті» - статистика бюросы

2021 жылдың басына қарай Қазақстан халқының ұлттық құрамындағы қазақтардың үлесі 13 млн адамнан (69,01%) асып түсті. Бұл туралы Orda.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлады.

2021 жылдың басында қазақтардың саны 264 406 адамға көбейді. Көпшілігі Түркістан (1,5 млн) және Алматы (1,5 млн) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (1,2 млн) тұрады.

Қазақ этносы басым:

Қызылорда облысында – 96,4%;

Атырау облысында – 92,9%;

Маңғыстау облысында – 91,4%.

Сондай-ақ, өзбек этносының өсуі де байқалады – 2020 жылдан бастап олардың саны 15 мың адамға артты. Қазір Қазақстанда 620 мыңнан астам өзбек тұрады. Басқа этностардың саны да өсуде:

Ұйғырлар – 5,4 мыңға (278,9 мың);

Әзірбайжандар – 2,1 мыңға (114,6 мың);

Түріктер – 1,5 мыңға (114,9 мың);

Дүнген – 1,9 мыңға (76,3 мың);

Тәжіктер – 1,6 мыңға (51,7 мың).

Келесі этникалық топтардың саны азайды:

Орыстар – 34,6 мыңға (3,5 млн);

Украиндар – 7,2 мыңға (256,7 мың);

Немістер – 1,5 мыңға (174,6 мың);

Беларустар – 1,2 мыңға (52,2 мың);

Татарлар – мыңға (199,4 мың);

Поляктар – 500 адамға (29,2 мың).