Қарағанды техникалық университетінің студенттері мұқтаж жандарға көмек көрсетуде

ҚарТУ «Жас Орда» жастар қауымдастығы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясын бастады. Бір ай ішінде студенттер тұрмысы төмен отбасыларға бірінші қажеттіліктегі азық-түлікті таратады, балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін шығармашылық шеберлік сыныптарын, ауыр сырқаты бар балаларға көмектесу үшін қайырымдылық спорттық турнирлерін, донорлық қан тапсыру бойынша акциялар, экосенбіліктер және т.б. өткізеді.

                                             а

– «30 игі іс» – бұл жай ғана акция емес, бұл студенттер мен еріктілер үшін өз Отанына және оның азаматтарына сүйіспеншілік көрсетуге, жақсылық әрқайсымыздан басталатынын көрсетуге мүмкіндік. Бір апта ішінде жеті қайырымдылық іс-шара өткізілді, – деді Жастар қауымдастығының төрағасы Ілияс Смаилов. – Ал 30 күн ішінде біздің белсенділер кемінде 30 қайырымдылық және волонтерлік акция ұйымдастырады.

                                             а

Осылайша, студенттер «Асем» және «Таңшолпан» балалар үйлеріне ойыншықтар әкелді, «Благодать» қарттар үйінде ойын-сауық бағдарламасымен болды, мұқтаж адамдарға азық-түлікпен көмектесті, жеке үйлерде тұратын қарттардың аулаларын жинады және т. б.