Аудандық өрт сөндіру қызметіне 5 наурыз, жұма күні хабар түсті. Оқиға орнына жеткен қызметкерлер төрт адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды "Ақ жайық".
Қайғылы оқиға Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 1974, 1991 жылы туған ер адамдар мен 1977 жылғы әйел және 2016 жылы туған қыздың денесі табылғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар бөлімінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша иіс тиіп уланған.
Болған жағдайдың мән-жайы қосымша хабарланатын болады.