Ақтөбе облысында үй құстары қырылып жатыр

Петропавловка ауылының тұрғындары бұл құс тұмауының жаңа ошағы деп қауіптенеді. Ауыл тұрғындарының бірінің 74 тауығы, көршісінің 35 тауығы қырылып қалған. Тағы бір көршісінде бір апта ішінде Ломан Браун тұқымды 200 тауық қырылып қалған, деп хабарлайды saryarqanews.kz sn.kz сайтына сілтеме жасап.

– Белгісіз індет салдарынан Петропавловка ауылының көптеген шаруа қожалықтарында тауықтар қырылған. Мұндай жағдай ешқашан болған емес. Биыл ғана жаздың соңы мен күздің басында басталды, – дейді Петропавловка ауылының тұрғыны Сергей Попов.

Ауыл тұрғындары тауықтың ауырған кезде орнынан тұрмай, ас-суға бет бұрмай, жиі түшкіретінін айтады. Тауықтар тез және жаппай қырылып қалған. Жергілікті билік мамандарды сараптамадан өткізуге жіберіп қойған. Қазіргі уақытта олар сынақ нәтижесін күтуде.

– Халық мүлдем сауатсыз. Тауық ауруы туралы ветеринарға хабарланбайды. Осыған байланысты ветеринар соңғы сәтте ғана жағдайды жазып алады. Іс жүзінде бұл ауру Ньюкасл ауруына ұқсас, – дейді Қарғалы ауданы ветеринарлық станциясының директоры Серік Ақниязов.

Ньюкасл ауруы адамдар үшін қауіпті емес екені айтылды.