69 жасында той көйлегін киген әжейдің видеосы қызу талқыға түсті

Бұл туралы saryarqanews.kz сайты Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұл менің арманым еді. Баяғыдағай жанымда абысындарым жоқ, о дүниелік болып кетті. Міне, 50 жыл да өтті. Сол кезде ақ көйлек киген жоқ едім. Абысыным біреудің көйлегін әкеліп, кигізкісі келген. Бірақ мен кимеймін дегенмін. Артынан ұл-қыздарым өссе де, ақ көйлек киемін деген қиялда жүрдім. Міне, бүгін арманым орындалды. 50 жылдан кейін ақ көйлегімді киіп тұрмын. Балаларыма рахмет", - дейді ол.

Балалары ата-анасына лимузин де жалға алған. Ал алтын той иелері үйлену вальсін орындап берді. Той кезінде 69 жастағы әйел гүл лақтыру рәсімін де жасады.